Чемпиондар лигасы: Ширек финалдың жеребесі тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб пәтерінде Чемпиондар лигасының 1/4 финалына жеребе тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жеребе бойынша ширек финалда ойнайтын командалар арасындағы қарсыластар белгілі болды.

«Атлетико» (Мадрид, Испания) - «Лестер» (Лестер, Ұлыбритания)

«Боруссия» (Дортмунд, Германия) - «Монако» (Франция)

«Бавария» (Мюнхен, Германия) - «Реал» (Мадрид, Испания)

«Ювентус» (Турин, Италия) - «Барселона» (Испания) 

Ширек финалдың алғашқы ойындары 11-12 сәуір күндері, ал қарымта матчтар 18-19 сәуірде өтеді.

Соңғы жаңалықтар