Чемпиондар лигасында ЦСКА «Интерге» есе жіберді

АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Чемпиондар лигасындағы топтық ойында Мәскеудің ЦСКА-сы өз алаңында Миланның «Интерінен» жеңіліп қалды, деп хабарлайды UEFA.com.
None
None

Қонақтар кездесуді асқан белсенділікпен бастады. Ойынның алтыншы минутында Владимир Габулов қателесті. «Интердің» бұрыштама добын қорғаушы Лусио бос қақпаға дәл бағыттай білді.

Ойынның 23-ші минутында Юто Нагатомо оң жақ қапталға шығып, Джампаоло Пацциниге керемет пас бере білді. Бақылаусыз қалған итальяндық форвард мүлт кеткен жоқ. Бірінші таймның орта тұсында есеп - 0:2 болды.

Бірінші таймның соңында ЦСКА есеп ашып, - Дзагоев айып добын дәл орындады. 77-ші минутта Вагнер Лава есепті теңестірді.

Алайда алаңға жаңадан шыққан Мауро Сарате "Интерді" қайтадан алға шығарды.

Соңғы жаңалықтар