Чемпиондар лигасында «Манчестер Юнайтед» «Бешикташтан» ұтылып қалды

АСТАНА. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат - Ағылшындық футбол клубы «Манчестер Юнайтед» өз алаңында Түркияның «Бешикташ» командасынан ұтылып қалды,

Чемпиондар лигасында «Манчестер Юнайтед» «Бешикташтан» ұтылып қалды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.Ру сайтына сілтеме жасап.

«Олд Траффорд» стадионында қарашаның 25-інде кешке өткен кездесу 0:1 есебімен аяқталды. Жалғыз допты 19-шы минөтте Родриго Тельо соқты. «Бешикташтың» жеңісі чемпиондар лигасы аясында 23 матчта өз алаңында ұтылмаған «Манчестер Юнайтедтің» рекордты сериясын үзді.