Чемпиондар лигасының 3-ші айналымы: "Ақтөбе" мен "Макаби" футбол клубтарының кездесуінде есеп ашылмады

АЛМАТЫ. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше  өз алаңыда  Израильдің  "Макаби" командасын қабылдаған "Ақтөбе" футбол клубы 0:0 есебімен тең түсті,

Чемпиондар лигасының 3-ші айналымы:   "Ақтөбе" мен "Макаби" футбол клубтарының кездесуінде есеп ашылмады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  Чемпиондар лигасының 3-ші айналымындағы алғашқы ойында  Владимир Мұханов жаттықтыратын ақтөбеліктер кездесудің соңына дейін шабуылдаумен өткізді. Австриялық төрешелер қазылық еткен бұл матчта ақтөбеліктер чемпионға тән ойын өрнегін көрсетті. Израиль біріншілігінде 17 дүркін жеңімпаз атанған Хайфа қаласының Элиша Леви жаттықтыратын "Макаби" футбол клубы  Андрей Сидельников қорғайтын алаң иелерінің қақпасына айтарлықтай қауіп төндіре алған жоқ. Өз жанкүйерлерінің қолдауына сүйенген ақтөбелік футболшылардың есеп ашуға  мүмкіндігі мол болды. Тек одан еш нәтиже шығара алмады. Енді қарымта кездесу тамыздың 5-і күні  Хайфада өтеді.