18:22, 18 Тамыз 2010 | GMT +5
Чемпиондар лигасының іріктеу матчында Питерлік «Зенит» француздың «Осерін» әзер ұтты
АСТАНА. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Даниел Шайынғазин/ - Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығу үшін өткен алғашқы матчта, сейсенбі күні питерлік «Зенит» өз алаңында француздың «Осерін» ұтты. Ойынның басталғанына 3 минут өткенде Александр Кержаков салған гол «Зенитке» жеңіс сыйлады. Есеп 1:0. Жауап матч тамыздың 25-інде Осерде өтеді.

«Осермен» кездесуінде ресейлік форвард «Зениттегі» өзінің жүзінші добын соқты.
Ойын барысында екі команда да бір-біріне қарсы шабуылдар ұйымдастырғанымен, есеп өзгеріссіз қала берді. Өкінішке қарай, алаң иелерінің есепті ұлғайтуға нақты мүмкіндіктері басым болды. «Зениттің» жартылай қорғаушысы Роман Широковтың екі мәрте соққан добы қақпаға дарымады.