Чемпиондар лигасының қарымта матчындағы «Астана» - «Динамо» Загреб ойыны қашан өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2 тамыз, сәрсенбі күні Астанада Чемпиондар лигасының екінші іріктеу раундының қарымта матчы өтеді. «Астана» өз алаңында Загребтің «Динамосын» қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Чемпиондар лигасының қарымта матчындағы «Астана» - «Динамо» Загреб ойыны қашан өтеді
Фото: sports.kz

«Астана» - «Динамо» Загреб матчының тікелей трансляциясы астана уақытымен 20:00 басталады.

Командалардың бірінші ойыны Загребте болып, «Динамо» 4:0 есебімен «Астананың» тас-талқанын шығарғанын еске сала кетейік. Лука Иванушец хет-трик (41, 43 және 56 минуттарда) авторы атанса, тағы бір голды Бруно Петкович (36 минутта) соқты.

Осы ойыннан кейін «Астана» Қазақстан чемпионатында сырт алаңда «Қызылжармен» ойнап, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Загребтің «Динамосына» келер болсақ, ол ұлттық біріншілікте сырт алаңда «Истраны» 3:0 есебімен жеңді.