05:31, 16 Мамыр 2012 | GMT +5
Ченнинг Татум Ақ үйді құтқарады
АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Ченнинг Татум («Серт», «Қымбатты Джон», «Мачо мен Ботан») Sony Pictures кино компаниясында Роланд Эммерих («Тәуелсіздік күні», «2012», «Бүрсігүні») түсіретін «Ақ үйді басып алу» (White House Down) фильмінде басты рөлді

сомдайды, - деп хабарлайды BNews.kz, movie.ru-ге сілтеме жасап.
Сайттың ақпаратына қарағанда, Татум Ақ үйді басып алып, АҚШ президентін тұтқынға алған жау десантымен жалғыз шайқасатын арнайы қызметтің агенті рөлін ойнайды. Әрі бұл батыр фильмде баласын жалғыз тәрбиелеп жатқан үлгілі әке де болып табылады. Джеймс Вандербилт («Жаңа өрмекші адам») жазған сценарийге тапсырыс ағымдағы жылдың наурыз айында $3 млн. сатып алынған.
Түсіру жұмыстары осы жазда басталып, 2013 жылдың 1 қарашасында фильмнің тұсаукесері болады