Черчильдің басқа планеталықтар туралы белгісіз қолжазбасы табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та Ұлыбритания премьер-министрі Уинстон Черчильдің бұдан бұрын белгісіз болып келген қолжазбасы табылды. Онда ол жерден тыс жерлерде өмірдің бар екені жайлы айтады.
Бұл материалдар еш жерде жарияланбаған, деп хабарлады Nature.
Екінші дүниежүзілік соғыс алдында жазылған 11 беттік эссе ұзақ уақыт бойы америкалық Фултон қаласындағы Черчилль мұражайында сақталып келген. Ал музейге оның жеке коллекциясынан 1980-ші жылдары әкелінген.
Черчилль жерден тыс өмірдің барына оптимизммен қараған. Ғаламда өмір сүру үшін қолайлы жағдай қалыптасқан көптеген планеталар болуы әбден ықтимал.