Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан ақмолалықтар марапатталды

Марапат
Фото: Көкшетау қаласы әкімдігі

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM — Чернобыль АЭС апатының 38 жылдығына орай оның зардаптарын жоюға қатысқан бір топ ақмолалық марапатталды.

Көкшетауда Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысқандардың құрметіне қойылған ескерткіштің маңында өткен шараға қала әкімінің орынбасары Даниярбек Нұрсейітов, Чернобыль АЭС-інде орын алған апаттың зардаптарын жоюға қатысқан ардагерлер, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Ақмола
Фото: Көкшетау қаласы әкімдігі.

Ақмола облыстық Чернобыль ардагерлері кеңесінің төрағасы Марат Жетеровтің айтуынша, апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдар әлі күнге дейін оның зардабын тартып келеді

«Чернобыль апатының зардаптарын жоюға 500-ге жуық ақмолалық қатысты, оның көбі мүгедек. Жыл өткен сайын олардың қатары кеміп, денсаулықтары нашарлап келеді. Ядролық жарылыстың салдары бізге ғана емес, балаларымызға, немерелерімізге тиіп жатыр», — деп атап өтті Марат Жетеров.

Айта кетейік, Чернобыль апатының зардаптарын жоюға 240 мың адам қатысты. Ал, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш 800 мың адамға жеткен. Олардың арасында ақмолалықтар да бар. Ақмола облысы бойынша барлығы 500 жуық адам болса, Көкшетау қаласында 116 адамды құрайды.

Еске салайық, Жеңіс күні қарсаңында ақмолалық ардагерлерге 3 млн теңгеден беріледі.

Соңғы жаңалықтар