Чернобыль қорыққа айналмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина экология министрлігі ЧАЭС аймағында Чернобыльды биосфералық қорыққа айналдырмақ. Бұл туралы ведомство басшысы Андрей Мохник мәлім етті, деп хабарлады Росбалт.

Чернобыль қорыққа айналмақ

Оның айтуынша, қорықтың аумағы 230 мың гектарға жетпек, бұл Украинадағы ең ірі экологиялық аймаққа айналмақшы.

Қорықты құрудың басты мақсаты - Полесьенің экожүйесін табиғи жағдайда сақтау және Чернобыль аймағын оңалту болмақ. Қазір жоба Киев облыстық әкімшілігінде келісуде жатыр. Мохник Украина Министрлер кабинеті бұл мәселені парламент сайлауына дейін қарап үлгереді деген сенімде.

Чернобыль аймағы әлемдегі экологиялық ең ластанған жерлердің үштігіне кіреді. Дегенмен де, украиндық турфирмалардың рейтингісі бойынша, Чернобыль аймағы туристер көп келетін жер болып отыр.