Черногория билігі Дина Таңсәріні қамаудан босатты

АСТАНА. KAZINFORM — Черногория билігі «НеМолчи.kz» қорының жетекшісі Дина Таңсәріні (Динара Смайылованы) қамаудан босатты. Бұл туралы nemolchikz_official Instagram парақшасында жазды.  

Дина Таңсәрі
Фото: facebook.com/dina.tansari.kz

Кеше «НеМолчи» қорының жетекшісі ұсталып, Подгорицадағы Жоғарғы сотқа жеткізілген болатын.

Бүгін Черногорияның Жоғарғы соты Смайылованы босату туралы шешім қабылдады. Оны отанына қайтармайтыны туралы ақпаратты қор өкілдері хабарлады.

— Динаны босатты. Черногорияның Жоғарғы соты Динаны экстрадициялаудан бас тартты. Енді Динаның өзі сіздермен байланысқа шығады, — деп жазылған қордың парақшасындағы жазбада.

Дина Таңсәрі Черногорияда ұсталып, Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін екендігі туралы жазған едік

Зорлық-зомбылық құрбандары туралы ақпарат тарататын «НеМолчиKZ» қорының басшысы Динара Смайылова (Дина Таңсәрі) Черногорияда ұсталды және таңға дейін уақытша ұстау изоляторында болды.

 

Соңғы жаңалықтар