Черногорияда Юрий Гагаринге ескерткіш ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 сәуірде черногориялық Радовичи қаласында КСРО-ның тұңғыш ғарышкері Юрий Гагаринге ескерткіш ашылады, деп хабарлады «Русский век» порталы Ресеймен Ынтымақтастық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шара мерейтойлық атаулы күнге - адамның ғарышқа алғашқы ұшуының 55 жылдығына орайластырылған.
Жобаның бастамашысы словениялық Юст Ругел. Кәсіпкер Юст Ругел Ресеймен коммерциялық байланыстармен қатар гуманитарлық жобаларды да жүзеге асыруда.
Ескерткіш осы мақсатқа Ю.Ругел сатып алған учаскеде орнатылады. Ескерткіштің авторы - мәскеулік мүсінші Вадим Кириллов.