Чикаго әуежайында қасақана от қоюдың салдарынан 800 рейс кейінге қалдырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әуе компаниясының бұрынғы қызметкерінің өрт қойып, соңынан өзін-өзі өлтірмекке әрекеттенуі салдарынан Чикагодағы екі әуежайда бірнеше жүз рейс кейінге шегерілді, деп хабарлайды CNN.

Чикаго әуежайында қасақана от қоюдың салдарынан 800 рейс кейінге қалдырылды

Атап айтқанда, "О'Хара" әуежайында 660-тан астам, "Мидвей" әуежайында 120 рейс кейінге қалдырылды. От қойған қызметкер офистен табылды.

Полицияның мәліметтерінше, келісімшарт бойынша нысанның бірінде жұмыс істеген Брайан Ховард әдейі от қойған. Алдын ала болжамға қарағанда, Ховард өмірден баз кешкен.

Куәгердің айтуынша, ол өрт болар алдында жалаңаштанған Ховардтың тамағын кеспекке әрекеттенгенін көрген.

Күдікті қазір аудандық ауруханада жатыр. Оның қандай жағдайда екендігі белгісіз. Егер Ховардтың кінәсі дәлелденсе, 20 жылын темір тордың ар жағында өткізуі мүмкін.