Чикаго университеті мұсылмандарға шіркеуді мешіт етіп берді

АСТАНА. 15 маусым. ҚазАқпарат - Чикаго университетінің әкімшілігі мұсылмандардың намаз оқуына жағдай жасап, 88 жылдық тарихы бар шағын шіркеудің ішін мешіт етіп босатып берді, деп жазады muslim.kz.

Чикаго университеті мұсылмандарға шіркеуді мешіт етіп берді

Аталмыш университеттің филиалы хабарлағандай, Чикаго қаласының осы заманғы өнер мұражайындағы галереяның бір бөлігі болып саналатын шіркеудегі орындықтар мұсылман студенттердің ғибадаты үшін шіркеуден шығарылып тасталды.

Университет өкілдері мен студенттердің сөзіне қарағанда, бұл бастаманың өзі діни төзімділіктің айрықша белгісі ретінде елдің есінде қалатын болды.

Сондай-ақ, мұсылман студенттер шағын шіркеу күрделі жөндеуден өткеннен кейін жұма намазын да осында өткізетін болды.