Чикагода аквариумда тіршілік еткен әлемдегі ең кәрі балық өлді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чикагода 80 жыл аквариумда өмір сүрген австралиялық барамунди көз жұмды. Соңғы уақытта ол астан бас тартып, балықта көп ағзалық жетімсіздік белгілері пайда болды. Салдарынан оны өлтіру шешімі қабылданды.
Барамундидің ұзындығы 1,2 метр, ал салмағы небәрі 11,3 келі болған. Чикагоға оны 1933 жылы Сидней аквариумынан әкелген. Осы уақыт ішінде балықты көруге 104 миллионнан астам адам келген. Оның жасы тоқсаннан асқан.
Олар орташа 100 жыл тіршілік етеді. Ал уылдырықты бес жылда бір рет шашады.