Чикагода атыс салдарынан 100-ден астам адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ тәуелсіздігі күніне (4 шілде) орай берілген төрт күн демалыста Чикагода атыс болып, 100-ден астам адам зардап шекті, қаза болғандар бар. Полицияның пайымынша, оны жергілікті бандиттер жасаған.

Чикагода атыс салдарынан 100-ден астам адам зардап шекті

Атыстар жайлы алғашқы хабарламалар сенбі күні түсе бастады, бірақ жарақат алғандардың басым бөлігі дүйсенбі кешке тіркелді.

Жергілікті баспасөз ажал құшқандардың саны 15-ке жеткенін нақтылады, қалғандары  түрлі дәрежедегі жарақаттар алған.

Чикаго билігі  қаланың проблемалы аудандарына 1 мыңға жуық полиция қызметкерін жіберген, алайда олар тәртіпсіздікті баса алмады.

Чикагода Тәуелсіздік күніне орай берілген демалыстарда атыстар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Өткен жылғы мерекеде   66 адам зардап шеккен болатын.