Чикагода белгісіз біреу жүргіншілерге оқ жаудырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Чикаго (Иллинойс штаты) қаласында белгісіз біреу жүргіншілерге оқ жаудырған. 12 жасар бала қаза тауып, бес адам жараланды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Чикагода белгісіз біреу жүргіншілерге оқ жаудырды

Жараланғандардың арасында балалар да болуы мүмкін.

Америкалық БАҚ мәліметіне сүйенсек, белгісіз біреу көліктен оқ жаудырып, артынша оқиға орнынан ізін суытқан.

Зардап шеккен төрт адам ауруханаға жатқызылды, дәрігерлер екі адамның жағдайын аса ауыр, ал екі баланың жағдайын ауыр деп бағалауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.