17:24, 24 Наурыз 2014 | GMT +5
Чикагода метро пойызы рельстен шығып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чикаго метрополитенінің «көк» желі құрамы О'Хара халықаралық әуежайына жете берісте рельстен шығып кетті, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Полиция ақпаратына қарағанда, оқиға мәскеу уақыты бойынша шамамен 11:50-де орын алған. Ал бұл кез Америкада түн ортасы. Соңғы стансаға жақындап қалған пойыз рельстен шығып кетіп, қатты жылдамдықпен тұғырнамадан асып өтіп барып эскалаторға соғылған. Кемінде 32 адамның зардап шекендігі жайында дерек бар. Қаза тапқандардың бар-жоғы белгісіз.
Қазіргі уақытта мамандар оқиғаның шығу себебін анықтауда. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, жеті вагоннан тұратын құрам өте қатты жылдамдықпен жүргендіктен соңғы стансада тоқтай алмай қалған.