Чикагодағы атыс: екі адам қаза тауып, біреуі ауыр жараланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Чикагоның батысындағы көшеде болған атыс салдарынан екі адам мерт болып, біреуі жарақаттанды. Бұл туралы сәрсенбіде полицияға сілтеме жасап Chicago Tribune газеті хабарлады.

Чикагодағы атыс: екі адам қаза тауып, біреуі ауыр жараланды

Басылымның дерегінше, зардап шеккен адам ауыр жағдайда жергілікті ауруханаға жеткізілген.

Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері шұғыл аттанып, тергеу жұмыстарын бастады.

Атыстың себеп-салдары әзірге айтылмай отыр.