Чили астанасында қуатты жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чили астанасы Сантьяго қаласындағы автобус аялдамасында қуатты жарылыс болып, бес адам жарақаттанды, деп хабарлады жұма күні 24horas порталы.

Чили астанасында қуатты жарылыс болды

Оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр. Билік осының алдында интернетте орналастырылған мәлімдемеге орай жарылысқа экологиялық белсенділердің қатысы бар-жоғын тексеруде.

Аялдама маңы қоршауға алынып, таяу маңдағы метро стансасы жабылды.