Чили астанасының 3 миллионға жуық тұрғыны ауыз сусыз қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чили астанасы Сантьяго қаласының 3 миллионға жуық тұрғыны Майпо өзені суының ластығынан ауыз сусыз қалды, деп хабарлайды Франс Пресс агенттігі.

Чили астанасының 3 миллионға жуық тұрғыны ауыз сусыз қалды

«Толассыз құйған нөсер жаңбыр Майпо өзенін лайлады, бұл келеңсіз жағдай 3 миллионға жуық адамның ауыз сусыз қалуына ұрындырды», деп мәлім етті Сантьяго губернаторы Клаудио Оррего (Claudio Orrego).

Жергілікті БАҚ-тардың хабарлауынша, су беруді тоқтату кем дегенде бір тәулікке созылмақ.