Чили Майк Тайсонды ел аумағына кіргізбей қойды
«Халықаралық полиция детективтері Майк Тайсонды шетелдіктердің елде болуы жөніндегі заңнаманы сақтамағаны үшін қайтарып жіберді», - делінген Чили полициясының Туиттердегі ресми парақшасында.
Полиция әйгілі боксшыға қатысты заңның дәл қай баптары қолданылғанын мәлімдеген жоқ.
Жергілікті БАҚ-тың хабарларына қарағанда, суперауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Чили астанасы Сантьягода өтіп жатқан жауынгерлік фильмдер фестивалінің марапаттау рәсіміне қатысу үшін барған.
Тайсон 1992 жылы зорлау фактісі бойынша алты жылдық бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, үш жылын өтеп шыққан болатын. 2007 жылы оған есірткі дауына байланысты 24 сағаттық қамау және 3 жылдық сынақ мерзімін өтеу жазасы берілген. Бұдан тыс, 2012 жылы Жаңа Зеландия да Тайсонның елге кіруіне рұқсат беретін визаны тоқтатқан. Чили заңнамасына сәйкес, мемлекет өз елінде осындай қылмыстар жасаған шетел азаматтарының елге кіруіне тыйым салуға құқылы.