Чили президентінің тікұшағы апатты жағдайда шоссеге қонды

Оқиғаның тікұшақтың отын жүйесіндегі проблемалардың салдарынан орын алғаны айтылып отыр. Штурвалда өзі болған президент С.Пиньера машинаны қондыруға мәжбүр болған, ал дәл сол сәтте сол маңдағы қонуға ыңғайлы жер - автокөлік жолы болған.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Тікұшақ қонған жерге жедел жеткен полиция президентті дереу эвакуациялаған.
Дегенмен, оппозиция бұл оқиғаға қатысты үндемей қала алмады. Чилидің Социалистік партиясының жетекшілерінің бірі Серхио Агуило президенттің төңірегіндегілердің әрекеттерін «жауапсыздық» деп атады. Оның айтуынша, мемлекет басшысы заңды бұзған және тікұшақтағы ғана емес, жолда кетіп бара жатқан қарапайым адамдардың да өміріне қауіп төндірген.