Чили теннисшісінің әкесі қызының ITF турнирінің финалдық ойыны кезінде көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чили теннисші қызы Даниэла Сегельдің әкесі қызының Сантьяго қаласында өтіп жатқан Халықаралық теннис федерациясы (ITF) турнирінің финалдық матчындағы ойыны кезінде қайтыс болды.

 Чили теннисшісінің әкесі қызының ITF турнирінің финалдық ойыны кезінде көз жұмды

Бұл туралы испандық Sport портал жазды.

Бразилиялық Пауло Гонсалвеспен кездесуі кезінде, 6:4, 2:1 есебімен Сегель ұтып жатқан шақта трибунада отырған әкесінің жағдай күрт төмендеген. Ол сол маңдағы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін ажалдан арашалап қала алмады.

Төреші ойынды жалғастыруға шақырған. Бірақ екінші сетте есеп 4:4 болып тұрған кезде чили спортшысы кортты тастап шықты. Қорытындысына жеңіс оның қарсыласына бұйырды, деп хабарлайды ТАСС.