Чили жағалауында 40-қа жуық кит қырылып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чилидің оңтүстігінде 37 кит жағаға шығып, өліп қалған, деп хабарлады елдің ұлттық балық шаруашылығы қызметіне сілтеме жасап жергілікті БАҚ.

Чили жағалауында 40-қа жуық кит қырылып қалды

Өлі киттерді Сантьягодан оңтүстікке қарай 2000 шақырым жерде жағалауда зерттеу жүргізіп жатқан шетел ғалымдары тапқан.

Киттердің жаппай қырылу себебі және бұл оқиғаның қай уақытта болғаны әзірге белгісіз, мамандар Чилиде мұндай оқиғалар бұрын да орын алғанын атап өтуде.

Киттер судың шамадан тыс балдырлануы немесе вирустың пайда болуынан қырылуы мүмкін деген болжам бар.