Чилиде 5,1 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Чилидің Антофагаста провинциясында 5,1 балл қуатымен жер сілкінісі болды.
None
None

Бұл туралы АҚШ Геологиялық қызметіне сілтеме жасап, РБК хабарлайды.

Зілзала ошағы 32,4 шақырым тереңдікте орналасты. Оның кіндігі Тальталь қаласынан оңтүстікке қарай 36 шақырым,  Диего-де-Альмагро қаласынан солтүстік-батысқа қарай 87 шақырым қашықтықта болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы дерек тілкелген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Чилидің орталығында 2010 жылы 8,8 магнитудалық жер сілкіні болған еді. Сондағы жерасты дүмпуі салдарынан цунами туындап, 800 адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум