Чилиде 5,9 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Чили елінің жағалауында магнитудасы 5,9 жер сілкінісі тіркелді.

Чилиде 5,9 балдық жер сілкінісі болды

Бұл туралы АҚШ-тың Геологиялық қызметіне сілтеме жасап ИТАР-ТАСС хабарлады.

Жерасты дүмпулерінің ошағы Икике қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 70 шақырым қашықтықта 7 шақырымнан астам тереңдікте орналасқан. Зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ.