Чилиде 9 ғасыр бұрын жерленген мумиялар табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чилидің Копьяпо қаласының аумағынан 900 жыл бұрын жасалған мумиялар табылды, деп хабарлады 24.kz.
Мәйіттер мата және өсімдік талшықтарымен оралған екен. Мамандардың мәлімдеуінше, осы әдіс мумиялардың ұзақ уақыт жақсы сақталуына мүмкіндік берген.
Ғалымдар әйел 50-60, ал 2 бала 3 не 6 жаста деп пайымдайды. Сонымен бірге моладан үй жабдықтары, ойыншықтар мен күйіктас ыдыстары табылған.
- Мумиялар сыртқы түрі аяқ киімге ұқсайтын молада жатқан. Бұл - Копьяпо аймағына және оның мәдениетіне тән көрініс. Мұндай нысандарды бұған дейін кездестірген емеспіз, - дейді Атакама университеті Социология институтының директоры Марсела Уриза.