Чилиде алапат тасқыннан 10 адам із-түзсіз жоғалып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чили үкіметі ірі тасқынға байланысты Атакама аймағында төтенше жағдай жариялады. Бұл өңір негізі шөлді жерге жатады.

Чилиде алапат тасқыннан 10 адам із-түзсіз жоғалып кетті

Алапат тасқынға 24 наурыздан бері толассыз құйған нөсер жаңбыр себеп болған. Табиғи апат салдарынан 10 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Үлкен су электр желілерін үзіп, тасжолдар мен елді мекендердегі көшелерді шайған. Қазір 80 мыңдай адам жарықсыз отыр.

«Өзен жағасында тұратын тұрғындар тікұшақтардың көмегімен қауіпсіз жаққа көшірілуде. Оларды құтқару жұмысына сарбаздар тартылған. Бірақ кейбір адамдар үйлерін тастап шығудан бас тартып отыр», - дейді билік өкілдері.

Ел президенті Мишель Бачелет табиғи апат аймағына арнайы келеді деп жоспарлануда, деп жазады 24.kz.