Чилиде аңызға айналған коммунист Л.Корвалан дүниеден өтті

nbsp;АСТАНА. Шілденің 21-і. ҚазАқпарат - Чилиде елдің бұрынғы Коммунистік партиясының бас хатшысы Луис Корвалан дүниеден өтті, деп хабарлады РБК агенттігі. Чили коммунистерінің бұрынғы көшбасшысы 94 жасқа толған еді, деп хабарлады чилилік Radio Cooperativa радиостансысы.

Чилиде аңызға айналған коммунист Л.Корвалан дүниеден өтті

Л.Корвалан 1976 жылы кеңестік диссидент Владимр Буковскийге ауыстырылғаннан кейін белгілі болды. Сол кезде чилилік коммунистер көшбасшысы КСРО-дан саяси баспана алған еді.

Еске сала кетейік, Л.Корвалан чили коммуинстеріне 1958-1989 жылдары басшылық етті. 1973 жылы әскери төңкеріс салдарынан Чили билігіне Аугусто Пиночет келгеннен кейін Л.Корвалан түрмеге жабылды. Үш жыл өткеннен кейін саяси сотталғандармен ауыстыруға қатысушы болды. 1983 жылы чили коммунистерінің басшысы пластикалық операция жасатып, сырт пішінін өзгертіп, Чилиге оралды. Соңғы жылдары Л.Корвалан отбасымен бірге Сантьяго қаласында тұрды.