13:19, 03 Маусым 2014 | GMT +5
Чилиде динозавр қалдықтары жерленген ірі қорым табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чилиде мұздықтар арасынан динозавр қалдықтары жерленген ірі қорым табылды. Бұл туралы Жаратылыстану тарихы ұлттық мұражайының ғалымы Кристиан Саласар айтты, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Чилилік палеонтологтар елдің оңтүстігіндегі «Торрес-дель-Пайне» Ұлттық саябағы аумағына жүргізген алғашқы экспедиция барысында 46 ихтиозавр жерленген қорымға тап болған. Олардың барлығы да бүгінгі күнге дейін өте жақсы сақталған.
«Бұл тарихтағы, яғни, бүгінгі күнге дейінгі белгілі ихтиозаврлар жерленген ірі қорымның бірі болып отыр», - деді Кристиан Саласар.
Ғалымдар ихтиозаврлар қаңқасынан бөлек осыдан 99 млн. жыл бұрын жоғалып кеткен жинозаврлар дәуіріндегі ірі теңіз рептилиясынан, жыртқыштардың тағы бір түрін тапқан.
«Оларды плезиозаврларға жатқызуға болады. Дегенмен біз бұл жерлерден олардың тіршілік іздерін байқамадық. Дегенмен, келесі сапарымызда біз олардың қалдықтарын табатындығымызға сенімдіміз», - дейді ғалым.