Чилиде күшті жер сілкінісі болды

АСТАНА. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат - Чилидің солтүстік-шығысында тербелісі 6,2 балл болатын күшті жер сілкінісі орын алды, деп хабарлайды АҚШ-тың Геологиялық қызметі (US Geological Survey), деп хабарлайды Лента.Ру.
None
None

2010 жылғы шілденің 11-де 20:11 сағатта тіркелген жер сілкінісінің ошағы Каламаның солтүстік-шығысынан 80 шақырым жерде орналасқан Атакама қаласы болған. Мерт болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

2010 жылғы ақпанның 27-сінде Чилиде цунамидің көтерілуіне себеп болған, күші 8,8 балл болатын жер сілкінісі орын алған. Сол жолғы табиғат апаты салдарынан 520 адам опат болып, ел экономикасына 30 миллиард доллар шығын келді.

Соңғы жаңалықтар