10:03, 23 Тамыз 2010 | GMT +5
Чилиде құтқарушылар осыдан 17 күн бұрын жоғалған шахтерлармен байланыс орнатты
АСТАНА. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат - Чилиде осымен 17 күн бойы үйіндінің астында жатқан 33 шахтер аман-есен. Құтқарушылар кеншілермен байланыс орнатып отыр. Олардың су және азық-түлік қорлары бар, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Жер астында қалып қойған кеншілерге қажетті барлық заттар тесік арқылы берілді. Өкінішке орай, әлгі тесік шахтерларды шығарып алуға тым тарлау болып отыр. Құтқарушылар, кеңдеу ұңғыны бұрғылауға 4 айға жуық уақыт кетуі мүмкін екенін мәлім етуде.
Қалай дегенмен де, ел халқы шахтерлардың амандығы туралы хабарды жүректері жарыла қабылдап отыр.