Чилиде құтқарылған шахтерлер дереу госпитальге жеткізілуде
АСТАНА. Қазанның 13-і. ҚазАқпарат - Чилиде апатты шахтада қалып қойған 33 кеншіні жер үстіне көтеру операциясы жалғасуда.
Кеншілер 69 күн бойы жер астында жатқанын ҚазАқпарат бұған дейін хабарлаған болатын. Дәл қазіргі уақытта екі кенші жер бетіне шығарылды, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Көздеріне қара көзілдірік кигізілген шахтерлар арнайы капсуламен жер бетіне көтерілуде. Операцияның барысын мамандар бақылауда. Жер бетіне көтерілген кеншілер туыстарымен жолыққан соң, дереу дала госпиталіне жөнелтілуде. Госпитальде медиктер олардың денсаулықтарын тексеруде.
Чили Президенті Себастьян Пиньердің журналистерге хабарлауынша, апатты шахтада әлі көп адам қалып отыр және «құтқару операциясы демалыссыз жалғаса бермек».