Чилиде миллиондаған адам ауызсусыз қалды
Ел билігі Мейпо өзеніндегі ластану деңгейі азайған соң, сумен қамтуды қайта қалпына келтіруге уәде етті.
Қала халқы бөтелкеге құйылған судан қор жинауда. Мейрамханалар мен кәсіп түрлері билік бұйрығымен жабылды.
Мектеп оқушылары да жаңа тоқсанның басына дейін сабақтан босатылды.
Құтқару қызметтері бірқатар таулы аймақтарда жауын-шашынның көптігінен автокөлік қатынасының үзілгенін, көптеген елді мекеннің сыртқы әлемнен тыс қалғанын хабарлады.
Сантьяго провинциясының губернаторы Клаудио Ортегидің хабарлауынша, шамамен бір жарым миллион үйді сумен қамту тоқтатылды.
«Енді қашан ауыз судың берілетінін білмейміз», - деді Ортега.
Су тасқыны мен лай көшкінінен ең кемі төрт адам көз жұмды.
Бұған дейін Чилидің орталық аудандары құрғақшылық пен өрттен зардап шеккен еді.