05:14, 22 Тамыз 2014 | GMT +5
Чилиде оқушылар мен студенттердің бейбіт шеруі жаппай тәртіпсіздікке ұласты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чили астанасы Сантьяго қаласындағы оқушылар мен студенттердің шеруі жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Кем дегенде 17 адам қамалды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Cапалы, тегін білімді талап еткен жастардың бейбіт шеруін беттерін бүркеген бір топ жастар келіп арандатқан. Олар жол белгілерін, бағдаршамдарды қиратып, тәртіп сақшыларына тас атқан. Осыдан кейін полиция күш қолдануға мәжбүр болды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шеруге тек Сантьяго қаласынан 80 000 адам шықты. Бейбіт шара елдің басқа қалаларында да ұйымдастырылған. Чилидің қазіргі президенті Мишель Бачелеттің сайлау кезіндегі негізгі уәдесінің бірі осы оқу жүйесін қалпына келтіру болатын. Алайда, қазіргі уақытта парламенттің төменгі палатасында жеке мектептерді мемлекеттен қаржыландыруды тоқтату туралы заң жобасы қаралып жатыр.