Чилиде шахтерлерді құтқару операциясы аяқталды

АСТАНА. Қазанның 14-і. ҚазАқпарат - Бүгін Чилиде - ұлттық мереке. Үлкенді-кішілі қалалардың тұрғындары Сан-Хоседегі шахтаның астында қалып қойған барлық кеншілерді құтқару операциясының аяқталуын атап өтуде.

Чилиде   шахтерлерді  құтқару  операциясы аяқталды

Жер астында қалып қойып, 70 күн бойы тар қапаста тіршілік еткен 33 шахтердің соңғысы бүгін таңертең жер бетіне шығарылды, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Операцияның соңғы кезеңін Чили Президенті Себастьян Пиньераның өзі қадағалады. Ол құтқарылған кеншілерді алғашқылардың бірі болып құттықтады және оларға амандық тіледі. Президенттің айтуынша, бұл шахтадағы апат баршаға сабақ болуы керек және ол кінәлілердің лайықты жазаларын тартатынын айтып, уәде берді.

Шахтерлерді құтқару операциясының аяқталуымен чилиліктерді БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун құттықтады. Құтқарылған кеншілердің барлығы дерлік қазір ауруханада жатыр. Олардың дендері сау, тек біреуі ғана өкпе қабынуынан ем қабылдауда.