Чилиде тербелісі 5,4 жер сілкінісі болды

АСТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Чилидің орталық бөлігінде тербелісі 5,4 жер сілкінісі болды, деп хабарлайды РБК.

Чилиде тербелісі 5,4 жер сілкінісі болды

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, жерасты дүмпулерінің ошағы Вальенар қаласынан батысқа қарай 40 шақырым қашықтықта болды. Зілзала ошағы 41,7 шақырым тереңдікте орналасқан. Зардап шеккендер немесе қирату туралы мәліметтер түскен жоқ.