Чилиде жанартаудың атқылау қаупінен жергілікті халық қауіпсіз жерге көшірілуде

АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Чили билігі елдің оңтүстігіндегі Копауэ жанартауының атқылау қаупіне байланысты 2 мыңнан астам адамды қауіпсіз жерге көшіруді тапсырды.
None
None

Бұл туралы Би-Би-Си жазып отыр.

Өткен жылдың желтоқсанынан бері жанартау 1 шақырым биіктікке түтін мен күлді атқылай бастаған. Көрші Аргентинаның билігі де жанартаудың атқылау қаупіне алаңдаушылық білдіргенімен, әзірге тұрғындарды көшірудің қажеттігі жоқтығын алға тартуда.

Соңғы бірнеше тәулік ішінде жанартау аумағында бірқатар әлсіз жер асты дүмпулері сезілген.

Соңғы жаңалықтар