Чилидегі алапат өрт: әйелдер түрмесі көшірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чилидегі орманда болған аса ірі өрт салдарынан әйелдер түрмесі көшірілді.
CIMAT ақпарат және бақылау орталығы хабарлағандай, түрмеден 161 сотталушы басқа қамау орындарына көшірілді, деп хабарлайды РИА Новости.
Өрт Вальпараисо қаласының маңында орын алды.
Табиғи апатқа байланысты билік дабылдың қызыл деңгейін жариялады.