Чилидегі су тасқынынан қаза тапқандар саны 25 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чилиде су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 25 адамға жетті. Мамандар су тасқынының екпіні әлі басылмайтынын ескертті.

Чилидегі су тасқынынан қаза тапқандар саны 25 адамға жетті

Чили үкіметінің мәліметіне сүйенсек, 100-ден аса адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Анд тауларында толассыз жауған жаңбырдан қаланың тау бөктерінде орналасқан бөлігін су алған. Мыңдаған адам электр жарығы мен ауыз сусыз қалды.