Чилиді қар басты
АСТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат - Чилидің оңтүстігіндегі Араукания провинциясында бірнеше күн бойы толассыз жауған қардан 25 мыңға жуық адам зардап шекті, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.
Соңғы отыз жыл ішінде елдегі қардың биіктігі үш метрге, ал ауа температурасы 20 градус суыққа дейін жетті.
Көптеген үйлер жарықсыз қалған. Қазіргі таңда ауыз су, азық-түлік жетіспеушілігі байқалуда.