Чилилік кеншілер жер астындағы бірінші айларын атап өтті

АСТАНА. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат - Шахтаның ішінде қалып қойған чилилік кеншілер жер астындағы бірінші айларын атап өтті. Шахтерлармен алғаш рет баланыс орнатылған жерге кеше олардың туған-туыстары, тіпті елдің кен өнеркәсібі министрі келді, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
None
None

Ал құтқарушылар құтқару ұңғысын қазуды жеделдетуде. Қазіргі таңда олар 40 метр жерді жүріп өтті, алда әлі 600 метрдей қашықтық бар. Одан кейін шахтерларды 700 метрлік тереңдіктен алып шығу үшін, ұңғыны кеңейту жұмыстары жүргізіледі. Сарапшылардың пайымдауынша, құтқару операциясы 3-4 айға созылады.

Чилиде осымен 1 ай бойы жер астында жатқан 33 шахтер аман-есен. Құтқарушылар кеншілермен байланыс орнатып, оларға барлық қажетті заттар тесік арқылы жеткізіліп тұрады. Өкінішке орай, әлгі тесік шахтерларды шығарып алуға тым тарлау болып отыр. Құтқарушылар, кеңдеу ұңғыны бұрғылауға 3-4 айға жуық уақыт кетуі мүмкін екенін мәлім етуде.

Соңғы жаңалықтар