Чиншанло ешқайда кетпейді - А.Ни

АСТАНА. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - Зілтемірші Зульфия Чиншанло қытайлық азаматқа тұрмысқа шықса да, ешқайда кетпейді. Ол Қазақстанның намысын қорғай беретін болады. «Время» газетіне сұхбат берген ауыр атлетика бойынша Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни осылай айтты.

Чиншанло ешқайда кетпейді - А.Ни
Оның хабарлауынша, Зульфияның сүйіктісі Қазақстанда тұруға өтініш білдірген. Ол үшін тиісті құжаттарын да тапсырып қойды. Той әлі болған жоқ. Алайда жас жұбайлар некеге заңды түрде тұрды. «Алайда неке Зуля үшін қиындық туғызбайды. Қазір ол жаттығуларға кірісіп те кеткен. Меніңше, жанұя спортқа кері әсер етпейді. Білесіз бе, Зуля өз жігітін қатты сағынып жүретін - үнемі телефон шалып, Қытайға асығып, әрдайым сол жаққа барып тұрды. Енді, мәселе шешілді», - дейді А.Ни.