Цхинвалдың орталығында жарылыс болды

ЦХИНВАЛ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Цхинвалдың орталығында жарылыс болды. Ол Пушкин көшесінде, «Алания» қонақүйінің жанында орын алды,

Цхинвалдың орталығында жарылыс болды

 деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Бүгін осы қонақүйде республика басшыларының қатысуымен Цхинвалдағы сурет галереясын қалпына келтіру үшін картиналар мен мүсіндер жинағын беру салтанаты өтіп жатыр. Оқиға орнының жанында қазандық құрылысының жүріп жатқаны нақтыланды.

Куәгерлердің айтуынша, газ жарылған. Қазір оқиға орны қоршауға алынған, онда ТЖМ, өрт сөндіру және милиция өкілдері жұмыс істеуде. Алдын ала деректер бойынша құрбан болғандар жоқ.