Чита тұрғынынан 17,5 келi алтын тәркiлендi
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясы Забайкалье округiнiң ФҚҚ басқармасының қызметкерлерi сап алтынның iрi партиясын тәркiледі.
17,5 келiден астам бағалы металл Чита тұрғынының банк ұяшығында сақтаулы жатқан, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС ведомствоның баспасөз қызметiне сiлтеме жасап.
Ұяшық иесiнiң айтуынша, ол алтын саптамалары салынған пакеттi қала сыртындағы орманнан тауып алған.
"Алдын ала тергеу органдары қымбат металдардың шын мәнiнде қайдан шыққандығын анықтайтын болады", - делiнген хабарламада.
Бұл Забайкалье округiнде тәркiленген алтынның ең iрi партиясы болып отыр. Мамандардың бағалауынша, олардың нарықтағы құны 20 млн. рубльдан асады.