10:50, 07 Шілде 2010 | GMT +5
Читада милиционер зәбір көрген оқушы қызды құтқарды
АСТАНА. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат - Читада милиция қызметкері оған зорлық көрсетіп, кейін оны суға батырып жібергісі келген ер адамнан 14 жастағы оқушы қызды құтқарып қалды,

деп хабарлайды РИА жаңалықтар агенттігі.
Оқиға сәрсенбіге қараған түні Чита өзенінің жағасында орын алған. Бұл туралы жергілікті ІІБ-сы хабарлады.
«Жиырма үш жастағы Артем Зайков достарына бара жатқан. Чита көпірінің жанында оған бір әйел келіп, өзеннің жанында белгісіз ер адам қызға зорлық көрсетіп жатқанын хабарлаған. Артем жағаға келген кезде ер адам қызды суға батырмаққа әрекеттеніп жатқан», - делінген ІІБ баспасөз хабарламада.
Адам зорлаушының әрекетін тоқтатқан соң, милиция қызметкері қызды судан алып шыққан. Кейін оқушы қыз есін жинады.