Читада сұрапыл жел құлатқан ағаш әйел өліміне себеп болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Читаның орталығында болған қайғылы оқиға салдарынан бір қала тұрғыны қаза тапты. Бұл туралы РФ ІІМ-нің Забайкалье өлкесіндегі басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.
Қаладағы Бутин және Угданская көшелерінің қиылысында сұрапыл жел екпінінен құлаған қарағайдың қасынан өтіп бара жатқан әйелдің үстіне түскені анықталды. Әйел алған жарақаттарынан көп ұзамай көз жұмды, деп жазады informing.ru.