ЧЛ: «Астана» футболшылары «Селтик» командасына гол салды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чемпиондар лигасының біліктілік турында шотландиялық "Селтик" командасына қарсы кездесу өткізіп жатқан "Астана" ФК бірінші таймда есеп ашып, алға шықты.

ЧЛ: «Астана» футболшылары «Селтик» командасына гол салды (ФОТО)

Голды ойынның 17-минутында Юрий Логвиненко салды.

Ойынды өте белсенді бастаған "Астана" командасы толассыз шабуылдар жасады. Прессингке қарсы тұруға тырысқан "Селтик" ойынға иелік ете алмауда. Дегенмен ара-тұра өткір шабуылдарға шығуға тырысып бағуда. Бірақ елордалық футболшылар өте жоғары ойын өрнегімен қарсыластардың мысын басып тастады.

null null null null 

ФОТО: Даурен Мухаметжанов © 2016 «ҚазАқпарат»