ЧЛ: «Астана» командасы былтырғы жетістігін қайталай ала ма?

АСТАНА. ҚазАқпарат - ««Астана» Чемпиондар лигасындағы былтырғы жетістігін қайталай алады. Тіпті, мүмкіндік болса, асып та түседі. Футболшылардың бойында бұған қажетті физикалық та, психологиялық та дайындық бар». Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінің екінші кездесуі алдында елордалық клубтың бас бапкері осылай мәлімдеді.

ЧЛ: «Астана» командасы былтырғы жетістігін қайталай ала ма?

Естеріңізде болса, былтыр отандық клуб сенсация жасап, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жеткен еді. Ертең астаналық команда өз алаңында литвалық «Жальгиристі» қабылдайды, деп жазады 24.kz.

Айта кетейік, Вильнюс қаласында өткен алғашқы кездесу 0:0 есебімен аяқталған болатын.

«Ертеңгі ойында қалай да жеңіске жетуіміз керек. Өйткені, алаң өзіміздікі, мыңдаған жанкүйер болады және өткен жылғы абыройымыз бар. Сондықтан, қорғанысты күшейтіп, көбірек шабуылдауға тырысамыз. Осыған орай негізгі құрамда бірер өзгеріс болды», - дейді «Астана» командасының бас бапкері Станимир Стойлов.